Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
previous arrow
next arrow
Балабақша туралы

{gallery}biz-turaly/1{/gallery}

Алматы  облысы,Еңбекшіқазақ  ауданы, Ассы ауылдық округі, Қайрат ауылы,Салиев 2  көшесінде  орналысқан  МКҚК «Ер Төстік» балалар бақшасы өз жұмысын  02-желтоқсан   2021  жыл  100  орынға  арналған  балабақша  ғимараты  пайдалануға  берілді. 27 қаңтар  2022 жылдан жұмысын  бастаған «Ер Төстік» балалар бақшасы  өз жұмысын  100  бала 30  қызметкермен  жандандырды.  Бұл ауыл халқының  көптен  күткен  қуанышы.

Балабақшамыздың   мақсаты:

- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құру;

 

- балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;

 

- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;

 

- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;

 

Қазіргі  таңда балабақшамызда 4 топ (ортаңғы -2,ересек топ-1,МАД тобы-1)100 баламен жұмыс  жасайды. Жоғары білімді-7 маман,орта  арнаулы -5 педагог,18 кіші  қызметкер бар.

 

Балалардың  салауатты  өмір  салтын ұйымдастыру, баланың  өмірін қорғау және денсаулықтарын нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру, баланың физикалық дамуын жетілдіру мақсатында  дене шынықтыру сауық-кештері, мерекелер,сайыстар  өткізіледі. Қатысқан  балалар  дипломдармен  марапатталды.

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғи апаттар мен төтенше жағдай және өмір қауіпсіздік ережесі негіздері және салауатты өмір туралы мәлімет беру, өз өмірі мен қоршаған ортаға деген құндылығын тәрбиелеу. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлардан шығу жолын табу   мақсатында   өмір қауіпсіздігі негіздерін сақтау іс-шаралары   өткізілді.

 

Педагогтардың біліктілігін  арттыру  және кәсіби шеберлігін көтеру  мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып  әр тұрлі  байқаулар  мен  конкурстарға  қатысып  жүлделі   орындар  алды.

 

Балабақшамыздың  ата-аналарымен   тығыз  байланыс  жасаймыз, ата-аналар  демеушілік  жасап  спорттық  баспалдақтар алып, сайыстарға  қатысады.

 

Әр топтың өздеріне арналған оқу-жаттығу бөлмелері, ас бөлмелері, жатын бөлмелері, әжетханалары талапқа сай орналасқан жәнеде заман талабына сай жабдықталған. Ыдыстар мен ойыншық, бала санасын жаңғыртуға арналған түрлі дидактакалық материалдар бар. Мекемеде Акт залы кең көлемде орналасқан. Бала үшін 21-ғасыр талабына сай жабдықталған. Мекеме қызметкерлері мекеме ішінің тазалығыммен жұмыс тәртібіне ерекше көңіл бөледі.

Әр баланы қуана қарсы алған балабақша 2022 жылдан бастап 100 баламен жұмысын жалғастыруда. Аталған мекемеде ұжым сыйластығы, ауызбіршілігі адам құантарлықтай. Мекемеде қызметкерлер өз мамандығына сай алған біліміндерін қызметте ұластыруда. Бала тәрбиесімен білімін алға қойып аянбай еңбек етулеріне меңгерушіміз Рая Қанатқызы үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. 2022  жылы ашылғаннан бастап айтатын болсақ, тәрбиешілеріміз Айжан Қиясқызы,Ильясова Асиям,Хаким Гульзахрам, Джалилова  Махилям,Ботаханова  Гульман,Зәкиева  Алтынай,Асанова Альбина,Боранбаева  Эльмира,логопед-дефектолог маманы Бақыт Ақмаржан,дене шынықтырушы Катепов Нурлан  ағамыз, музыкант  Оңалбаева Қарлығаш апайларымыз , тәрбие көмекшілері Курманжанова  Гульшат,Нури Фарида,Ахымбекова Кенжегул,Жанәбіл  Айдана апайларымыз үздіксіз қызмет етуде.

Бұл кісілер балабақша тұрмысымен етене таныс, жаңадан келген жасмамандарға бағыт беруші ардагер маман иелеріміз болып табылады. Әр атаулы мерекелер сайын балалармен ата-аналарды байланыстыра отырып, заман талабына сай түрлі іс-шаралар жоспар бойынша  өткізіледі.

 Меңгерушіміз  қызметкерлердің біліміне ерекше мән береді. Жұмысқа қабылдар алдында ерекше ықыласпен жұмыс ережесін өзі таныстырып отырады. 

 Шаруашылық   меңгеруші Гульсая  апайымыз  бақшаның барлық тұрмысын өз бақылауында ұстайды. Мекемемен мекеме қызметкерлері ауыл, аудан әкімдерінен  марапатталған. Қажырлы еңбектің нәтижесінде ел алғысын алудамыз. Тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырған ана әр баласын білім саласына баулыған.  Жан-жақты заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген «Ер Төстік» балалар  бақшасының  ұжымы  абыройлы  істер  атқаруда. Балабақшаға келіп  жатқан бала  саны күн санап өсіп келеді. Балабақшада өткізілген іс-шаралар мемлекеттік интернет желі саласында  таралуда. Аудан, облыс көлемінде балабақшалармен әдіс-тәсілдер мен  іс-тәжірибе алмасуда.

Қызметкерлерге арналған жылдық жоспар жыл басында жасалып, сол жоспар жыл бойы іске асырылады. Республикалық талаптар өзгерген сайын, мекеме басшысыда балабақша жоспарына өзгеріс енгізіп отырады.  Балалар күн тәртібіне дағдыланған.  Жаздық ойын   жабдықтары  бар,тек   ойын  алаңы көгалдандырылмаған. Ертеңгі күннен күтер үмітіміз көп, болашаққа да жоспарымыз  да  жетеді. Осындай  жарық ,кең,жаңаша  жабдықталған мекемеде әрбір  келіп  жүрген бала, баласын сеніммен әкеліп жатқан  ата-ана, әрбір  қізмет жасап жүрген  қызметкерлер де бақытты.

Толығырақ

Біздің жетістіктеріміз

30
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР
5
ТОПТАР
4
БІР РЕТТІК ТАМАҚТАНУ
12
ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірмелер, курстар

Пайдалы ресурстар

Біз картада